Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлдағы көпқабатты үйдегі жарылыс видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Әлеуметтік желіде 21 ақпан күні Петропавлдағы көпқабатты үйдегі жарылыстың видеосы пайда болды. Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті бұл роликтің жатақханадағы төтенше жағдай екенін растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өрт жақын маңдағы ғимараттың бақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан бір уақытта жарылыс болғанын, соның салдарынан көп қабатты тұрғын үйдің жартылай қирағанын аңғару қиын емес.

"Бұл Петропавлда 2021 жылы 21 ақпанда Интернациональная көшесі, 21 мекен-жайында болған жатақханадағы газ баллонының жарылуының видеосы", - деді облыстық полиция департаменті.

Еске сала кетсек, осыған дейін Петропавлда болған жарылыста кімдердің көз жұмғаны анықталған болатын.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, газ баллоны 5 қабатты жатақхананың бірінші қабатында орналасқан «Қара жорға» дәмханасында жарылған.

Жарылыс болған кезде дәмханада оны жалға алушы жігіт, 3 жұмысшы және 4 келуші, ал көрші орналасқан «Версаль» шаштаразында 4 адам болған.

Жарылыстың арты өртке ұласып, салдарынан дәмхана ғана емес, жапсарлас үй-жай және жатақхананың көрші бөлмелері зақымданыпты.

Газ баллонының жарылуынан дәмхананың 1999 жылғы жұмысшысы мерт болған. Оның денесі өрт сөндірілгеннен кейін үйіндінің астынан шығарылды.

Ал дәмхананы жалға алған 1996 жылы туған ер адам Петропавлдағы қалалық көпбейінді ауруханада алған күйіктен қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1900652-petropavldagy-kp-kabatty-jdegi-zarylys-videoga-tsip-kaldy/

pixel