Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстанда егде жастағы ер адам көршісіне ұятсыз видеолар жіберген

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны көрші әйелге интимді видеолар жіберген деп хабарлады Altaynews.kz.

Облыстың полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, екеуі де Аягөз ауданындағы бір ауылда тұрады. Порнографиялық видеоны жіберген ер адам 58 жаста, ал әйел 49-да.

Бастапқыда әйел көршінің ерсі әрекетіне мән бермеген. Кейіннен полиция қызметкерлеріне арыз жазды.

Қазіргі уақытта ер адамға қатысты қылмыстық кодекстің 311-бабы ("Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оған екі мың айлық есептік көрсеткішке дейін (5 834 000 теңге) айыппұл салынуы мүмкін немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады. Сонымен қатар, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеліп немесе бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Көкшетауда жарнама сайттарында порнографиялық сипаттағы суреттерін таратқан бойжеткен ұсталғанын хабарлаған едік.

Қазіргі уақытта 21 жастағы қызға қатысты қылмыстық кодекстің 311-бабы (порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) бойынша сотқа тергеу амалдары жүріп жатыр.

Белгілі болғандай, ол өткен жылы осындай құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900656-sygys-kazakstanda-egde-zastagy-er-adam-krsisine-atsyz-videolar-zibergen/

pixel