Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирустың өршуі қайталануы мүмкін бе

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында "коронавирустың өршуі қайталануы мүмкін бе" деген сауалға жауап қайырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оның айтуынша, бұдан бұрын песимистік есептеулер бойынша індеттің өршу мүмкіндігі наурыздың соңы мен сәуірдің басына қарастырылған. Алайда қазіргі жағдайда ескере отырып, осыған дейін белгіленген қауіп сейілгенін байқауға болады, дейді денсаулық сақтау министрінің орынбасары. Ол бүгінде жағдай оптимистік сценарий бойынша қалыптасып келе жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар ол былтырғы жаз айларындағыдай індеттің өршуі болмауы үшін тиісті жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

"Коронавирус инфекциясының таралуын шектеуге бағытталған қадамдар тиісті оң нәтижесін берді деп үміттенеміз. Сол себепті өткен жылдағы ахуал қайталанбайды деп санаймыз", - деді вице-министр.

Сонымен қатар, Ерлан Қиясов карантиннің қандай жағдайда толық алынып тасталуы мүмкін екенін айтты.

Оның сөзінше, Қазақстанда карантиннің толық алынып тасталу мерзімі туралы болжам жасау ерте.

"Қазір карантинді толық алып тастау туралы айтуға әлі ерте. Алайда, болжам жасайтын болсам, бұл үшін барлық өңірлер "жасыл" аймақта болуы қажет деп ойлаймын. Ол үшін ауру 100 мың адамға шаққанда 25-тен аспауы тиіс. Ал таралу коэффициенті 1-ден төмен болуы қажет. Бұл біз алдағы уақытта бағдарлай алатын ықтимал критерилердің бірі", - деді Ерлан Қиясов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900676-elimizde-koronavirustyn-orsui-qaitalanuy-mumkin-be/

pixel