Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Опубликовано:

Фото
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды "Қазгидромет".

Синоптиктер ұсынған ақпаратқа сәйкес, 25 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, оның күші кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін.

Сонымен қатар, Петропавл қаласында да жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

25 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Жел батыстан соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды қаласында жел батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

25 ақпанда түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. 25 ақпанда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Қызылорда қаласында түнде бұрқасын күтіледі. 25 ақпанда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900678-qazaqstannyn-birnese-oblysynda-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zariyalandy/

pixel