Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

6 адам көз жұмған: БҚО-да жол апатынан аман қалған адамға он сағат бойы ота жасалды

Опубликовано:

ота
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында алты адамның өмірін жалмаған жол апатынан тірі қалған науқасқа 10 сағат ота жасалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетсек, жантүршігерлік жол апаты Орал-Атырау тас жолында болған еді. Оқиға салдарынан алты адам тіл тартпай кеткен. Тағы бір адам Тайпақ ауылдық ауруханасына жеткізілген болатын.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ауылдық аурухана дәрігерлері апаттан зардап шеккен адамды тексеру кезінде іштің жабық жарақатын байқаған. Науқасқа медициналық жәрдем көрсетіліп, ем-дом жасалған.

Алайда 22 ақпан күні сағат 22.00-ге қарай пациенттің жағдайы нашарлай бастапты. Сол себепті Чапаев ауылындағы аудандық ауруханадан хирургтер тобы шақырылды. Аурухана директоры, жоғары санатты хирург Алмас Жүнісбеков пен хирург Дәурен Құдесов іш қуысына ота жасаған.

Ауа райының нащарлығынан Оралда медқызметкерлер шақыру мүмкін болмай, Жаңақала аудандық ауруханасының бас дәрігері Сержан Есенгөбеков көмекке келген.

Чапаевтан әрі қарай боранға байланысты тас жол жабық болғандықтан, дәрігерді патрульдік полиция батальонының екі қызметкері көліктерімен Тайпаққа жеткізген.

Осындай бірлескен іс-қимыл нәтижесінде науқасқа 10 сағаттан астам уақыт бойы ота жасалған.

"Қазір ер адамның жағдайы ауыр, оны тасымалдау мүмкін емес, дегенмен жарақат салдарын жеңіп, өмір сүреді деген үміт бар", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900694-alty-adam-koz-zumgan-bqo-da-zol-apatynan-aman-qalgan-adamga-on-sagat-boiy-ota-zasaldy/

pixel