Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жуынатын бөлмеге телефон алып кірген оқушы қыз ажал құшты

Опубликовано:

ваннада өлген
Көрнекі фото: lifter.com.ua

Ресейдің Братск қаласында 2008 жылы туған қыз тоқ соғып көз жұмды, ол жуынатын бөлмеге телефон алып кірген. Оқиғаға қатысты тексеріс басталды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

РФ тергеу комитеті өңірлік департаментінің баспасөз қызметі.

"Тергеушілер қыздың ұялы телефонмен ваннаға кіргенін анықтады. Оқиға орнында кәмелетке толмаған қыздың қолынан желіге қосылған қуаттау құрылғысының сымы табылды. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша өлімге электр жарақаты себеп болған. Тергеу бөлімі тергеуге дейінгі тексерісті бастады", - делінген хабарламада.

Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтайды. Тексеріс қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Айта кетейік, Братск қаласында осыған ұқсас жағдай 2018 жылдың желтоқсанында болған. Ол кезде панкратионнан Ресей чемпионы қаза тапқан еді. 15 жастағы қыз смартфонды ваннада қуаттағанда телефон суға түсіп кеткен.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900713-zuynatyn-bolmege-telefon-alyp-kirgen-oqusy-qyz-azal-qusty/

pixel