Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Фото желіде тарап кетті: Таяуда үйленген полицейдің басы бәлеге қалды

Опубликовано:

Полицейский устроил свадьбу в Жаркенте
Фото: instagram.com/dyshi_zharkent

Алматы облысының полицейі мейрамханада өзінің үйлену тойын өткізген. Бұл жағдай желі оқырмандарының арасында пікірталас тудырды. Мерекелік іс-шарада түсірілген суреттер өңірдің полиция департаментінің назарына ілікті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Күйеу жігіт пен қалыңдықтың үйлену тойындағы суреттері әлеуметтік желілерде жарияланды. Автор карантинге қарамастан 22 ақпан күні Жаркенттегі мейрамханалардың бірінде полиция қызметкері тойын өткізгенін жеткізді.

"Қазіргі уақытта карантин. Тойға тыйым салынған. Егер қандай да бір мереке болса, онда дереу патрульдік қызмет шақырылады. Оларға айыппұл салынады. Алайда аға лейтенанттың үйлену тойы жақында өтті. Сонда сұрақ: қарапайым халыққа той өткізуге болмайды да, полицияға бола ма?" - делінген жазбада.

Бұны көрген желі оқырмандарының пікірі екігі бөлінді. Бірі тәртіп сақшысына бақыт тілесе, ал екіншілері карантин шараларына бағынбағаны үшін оны айыптаған.

Бұл жағдайға қатысты Алматы облысының полиция департаменті пікір білдірді.

"Әлеуметтік желілерде жарияланған жазбаны талдай отырып, тексеру жүргізілгені туралы хабарлаймыз. Үйлену тойының ұйымдастырылуы туралы ақпарат расталып отыр.. Қазіргі уақытта Әкімшілік кодектің 425-бабы бойынша іс-шараны ұйымдастырушыларды жауапкершілікке тарту үшін жиналған материал санитарлық-эпидемиологиялық тексеруге жіберілді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомство белсенді азаматтық ұстанымы үшін жазба авторына алғыс білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900738-almaty-oblysynda-policiya-qyzmetkeri-uilenu-toiyn-durkiretip-atap-otken/

pixel