Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Инсульттан көз жұмды": Әкесін есіне алған Ләйлә Сұлтанқызы елді жылатты

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм әкесін есіне алып, әлеуметтік желіде оған жантебірентерлік жазба арнады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісінде оқырмандарына барынша ашылып, басынан өткен түрлі кезеңдермен бөлісуде. Бұл жолы ақпарат өкілі марқұм әкесі туралы әсерлі жазба жариялап, оған қатысты тың мәліметтерді айтып берді.

"Суретте әкем Сұлтан және ағам Руслан. Екеуі де өмірден ерте кетті. Бүгін әкелер туралы сырласайықшы. Әкем 50-ден енді асқан шағында инсульттан көз жұмды. Жастайынан жиі ауырды, ревматизм, давлениесі бар еді. Көзі тірісінде әкем маған дауыс көтеріп ұрсып көрмепті. «Қызым оқысын-оқысын!» деп бар мүмкіндікті жасаған әкешім. ⠀ Әкемнің мінезі қандай еді! Өте сабырлы адам болатын. Күліп қана отыратын. Көп сөзі жоқ. Шешесі (әжеміз) қатал еді, сол кісінің қабағына қарап отыратын. Ең қатты айтатын сөзі: «Әй, дүндік!» Дүндік деген не мағына беретінін де білмеймін сондағы. Бір рет марқұм болған ағам 9-сынып оқып жүргенде үйден қашып кеткен, әкем жаңағыдай ұрысты" , - деп балалық шағын есіне алды тележүргізуші.

Ләйлә Сұлтанқызының жантебірентерлік жазбасы желідегілердің жүрегін елжіретіп жіберген. Қалың көпшілік бірден ақпарат өкіліне қолдау көрсетіп, онымен ұқсас жағдайда қалған оқырмандар өз әкелері туралы жан сырларын ақтарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1900756-insulttan-koz-zumdy-akesin-esine-algan-laila-sultanqyzy-eldi-zylatty/

pixel