Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында жүрек жұтқан сатушы әйел пышақ ұстаған қарақшыға қарсы тұрды

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: instagram.com/vkurse_kst

Әлеуметтік желіде Қостанай облысы Жітіқарадағы дүкенге жасалған қарулы тонау әрекеті түсірілген видео пайда болды. Алайда жүрек жұтқан сатушы әйел шабуылшыға тойтарыс бере білді. Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жітіқара. Дүкенді тонау кезінде сәтсіздік орын алды. Мұның бәрі ержүрек сатушы әйелдің арқасында", – делінген видеоның сипаттамасында.

Кадрларда медициналық маска киген ер адамның дүкенге кіріп бара жатқанын көруге болады. Біраз уақытқа дейін ол үстелдің жанында тұрып, тауарларды нұсқайды, содан кейін күрткесінің қалтасынан пышақ алып, сатушыға бағыттайды.

Осыдан кейін қарақшы кассадағы ақшаны қолды қылуға ұмтылады. Алайда, дүкенші әйелдің жүрегінің түгі бар болып шықты, ол ер адамға белсенді түрде төтеп бере білді. Нәтижесінде мұндай тосқауылды күтпеген зиянкес кейін шегініп, қашып кетті.

Қостанай облысының полиция департаментінде видеоға түсініктеме берілді.

"Шабуыл 24 ақпанда Жітіқара дүкендерінің бірінде болды. Факт тіркелді, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомствода.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер қолданылған!

Еске салсақ, павлодарлық азамат дүкеннен төрт құты француз иіссуын ұрлап кеткені туралы жазған едік. Жұбайымен бірге сауда дүкеніне кірген ер адамның әрекеті сол жердің бейнебақылау камераларына жазылған. Кейін полицияға берген түсініктемесінде ол сүйікті әйелдеріне сыйлық жасағысы келетінін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1900777-qostanai-oblysynda-zurek-zutqan-satusy-aiel-pysaq-ustagan-qaraqsyga-qarsy-turdy/

pixel