Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пәтер жалдау ақысының 80 пайызын мемлекет есебінен өтеу тетігі қашан енгізіледі

Опубликовано:

Пәтер
Көрнекі фото: piqsels.com

"Бәйтерек" холдингі пәтер жалдау ақысының 80 пайызын мемлекет есебінен өтеу тетігі қашан енгізілетінін мәлімдеді. Оны іске асыруды президент өткен жылғы жолдауында тапсырған болатын деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаевтың айтуынша, бүгінде баспана кезегінде тұрған 548 мың адамның ішінде 195 мың адамның ай сайынғы табысы күнкөріс деңгейінен де төмен болып тұр.

Басым бөлігі – жетімдер, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар. Олар ипотеканы төлей алмайды. Сондықтан осы санаттағы адамдар үшін үйді жалға алу төлемінің бір бөлігі мемлекет тарапынан өтеледі.

"Бірыңғай оператор – Қазақстанның тұрғын үй компаниясы жекеменшік құрылыс компанияларымен келісім жасап, жалға берілетін үйлердің тізімін жасайды. Сосын жаңағы санатқа кіретін адамдардың арасында үлестіреді. Ал "Отбасы банк" ай сайынғы төлемнің 80 пайызына дейін өтейді", - дейді Омарқожаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның сөзінше, мемлекет басшсының тапсырмасын іске асыру үшін 10 кодекс пен 18 заңға өзгеріс енгізу керек. Оған біраз уақыт кетеді.

"Біздіңше, осы жылдың аяғына дейін өзгерістер енгізіледі", - дейді Әнуар Омарқожаев.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бүгінгі отырысында қолжетімді үйлер салуға қатысты тапсырма берді.

"Қолжетімді әрі сапалы үй салуды жандандыру үшін құрылыс компанияларымен оффтейк, яғни алдын ала сатып алу келісімін жасау керек. Соған сәйкес, тұрғын үйлер "Нұрлы жер" бағдарламасындағы бағамен сатып алынады", - дейді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900880-prezident-tapsyrmasy-pater-zaldau-aqysynyn-80-paiyzyn-memleket-toleidi/

pixel