Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері елімізде 40 градусқа дейін аяз болады

Опубликовано:

Ауа райы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Қазгидромет" РМК өкілдері ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері елімізде ауа темпертурасы 40 градусқа дейін төмендейді.

Мәселен, 26 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде екпіні кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Түнде өңірдің кей жерлерінде 35-38 градусқа дейін қатты аяз қүтіледі.

26 ақпанда Қарағанды қаласында оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде екпіні 15 м/с дейін жетуі ықтимал.

Жезқазған қаласында да 26 ақпанда түнде 35 градус қатты аяз күтіледі.

26 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14 м/с дейін жетуі мүмкін.

26 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, түнде өңірдің солтүстігінде 25 градусқа дейін қатты аяз болуы ықтимал.

26 ақпанда Атырау облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

26 ақпанда Ақмола облысында түнде кей жерлерде бұрқасын болып, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

26 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың кей жерлерінде түнде 20 градус қатты аяз сақталады.

Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

26 ақпанда Ақтау қаласында көктайғақ, екпіні 15-18 м/с дейін жететін жел күтіледі.

26-28 ақпанда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, 26 ақпан түнде бұрқасын күтіледі. 26 ақпанда кей жерлерде түнде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, 23 м/с дейін жетуі мүмкін.

26-28 ақпанда Тараз қаласы кей уақытта тұманды болуы ықтимал.

26-27 ақпанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 40 градусқа дейін қатты аяз күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900885-aldagy-kunderi-elimizde-40-gradusqa-deiin-ayaz-bolady-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel