RU

Еліміздің 10 аймағында жол жабылды

жол
Көрнекі фото: sputnik.kz

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қазақстанның басым бөлігінде, нақтырақ 10 облысында 41 республикалық және 75 облыстық маңызға ие автокөлік жолы жабылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің дағдарыс орталығында республикалық арнайы жедел штаб құрылды, оның құрамына "Қазақавтодор", "Қазавтожол", ішкі істер министрлігі және төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері кіреді.

Осындай штабтар елдің барлық аймақтарындағы төтенше жағдайлар департаментінде жұмыс істейді.

Осы сағатқа дейін ТЖМ қызметкерлері қолайсыз ауа райына жағдайына тап болған 17 автокөлікті құтқарды, 140-тан астам адамды құтқарды, тағы 157 азаматты эвакуациялады.

Шұғыл жұмыстарға төтенше жағдайлар министрлігі, ішкі істер министрлігі, жол қызметтері мен жергілікті атқарушы органдардың 1000-нан астам қызметкері мен 620-ға жуық техника жұмылдырылғаны хабарланды.

Қазақстандықтарға ауа райының қолайсыздығына байланысты "Дәрмен" қосымшасында және SMS хабарламалар мен пошта арқылы маршруттардың жабылуы туралы ескертіледі.

"Шұғыл қажеттілік туындамаған жағдайда алыс жолға шықпауға кеңес береміз", – деді төтенше жағдайлар министрлігі ел азаматтарына.

Егер сізге жол бойында көмек қажет болса, 112 нөміріне хабарласыңыз.

Еске салсақ, синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері елімізде ауа темпертурасы 40 градусқа дейін төмендейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900915-elimizdin-10-aimagynda-zol-zabyldy/