Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақалтын" қызметкері компания шотынан 1,5 миллиард теңге аударып, ақшамен бірге жоғалып кетті

Опубликовано:

Қаражат
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ақмола облысында атышулы іс тергеліп жатыр. 23 ақпанда "Қазақалтын" ТМК АҚ өкілдері полицияға жүгініп, олардың бір қызметкері компанияның есепшотынан 1,5 миллиард теңгеден астам ақша аударғанын, содан кейін ол жоғалып кеткенін айтты.

Қазіргі уақытта оны бірнеше бөлім іздестіріп жатыр. Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Степногорск қаласының екі тұрғынын іздеу туралы полицияға, ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлеріне, қаржылық қылмысқа қарсы күресушілерге хабарланды.

Қазақстан бойынша жіберілген бағдарда 22 ақпанда "Қазақалтын" ТМК АҚ қаржы бөлімінің 37 жастағы қызметкері 1 533 000 000 теңге аударып, жоғалып кеткені айтылған.

Келесі күні полицияға арыз түскен. Олар қызметкермен қоса, әскерден қашқаны үшін 2007 жылы сотталған адамды іздестіріп жатыр.

"Іс қылмыстық кодексінің 189-бабы (Басқа адамдардың сеніп тапсырылған мүлкін иелену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдіктілердің тұрғылықты жерін анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде", – деп хабарланды Ақмола облысының полиция департаментінде.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтан әкімдігінің мердігер ұйымдары мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Агенттіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында қала әкімдігінің тауар-материалдық заттарды қымбат бағада сатып алғаны белгілі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900919-qazaqaltyn-qyzmetkeri-kompaniya-sotynan-15-milliard-tenge-audaryp-aqsamen-birge-zogalyp-ketti/

pixel