RU

Алматы мен Нұр-Сұлтан бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны бойынша көш бастады

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде өткен тәулікте 855 адамның коронавирус жүқтырғаны белгілі болды деп хабарлайды coronavіrus2020.kz сайты.

COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бойынша Алматы қаласы мен елорда көш бастап тұр.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 135

Алматы қаласы - 110

Шымкент қаласы - 12

Ақмола облысы - 74

Ақтөбе облысы - 16

Алматы облысы - 72

Атырау облысы - 28

Шығыс Қазақстан облысы - 64

Жамбыл облысы - 21

Батыс Қазақстан облысы - 75

Қарағанды облысы - 54

Қостанай облысы - 65

Қызылорда облысы - 8

Маңғыстау облысы - 2

Павлодар облысы - 78

Солтүстік Қазақстан облысы - 38

Түркістан облысы - 3.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 211 212-ге жетіп отыр.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы шығып, карантин шектеулері жеңілдетілді.

Әсет Жұматаевтың жаңа қаулысына сәйкес, енді мешіттерде бес мезгіл намаз оқуға болады. Алайда сыйымдылығы 30 пайыздан, келушілер саны 100-ден аспау қажет.

Ал жұма намазын тек ауылдық жерлерде ғана адам санын 30-дан асырмай өткізуге болады.

Сонымен қатар өңірде мәдени нысандардың да жұмысына рұқсат беріліп отыр. Алайда топтағы адам саны 50-ден аспауы керек.

Кітапхана мен музейлер де ашылады. Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істей алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900942-almaty-men-nur-sultan-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-boiynsa-kos-bastady/