Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балалардың аяқ-қолын байлап тастаған": Алматыда үй тонағандардың әрекеті полицияны шошытты

Опубликовано:

Фото
Оқиға орнынан фото: Polisia.kz

Алматыда тәртіп сақшысы үйіне қайтып келе жатқанда ұрлыққа түскендерді байқап қалып, ізін суытпай ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Наурызбай ауданында болған.

Қарақшылар үлкендердің жоқтығын пайдаланып, күндіз үйге заңсыз кірген.

Олар пәтердегі бірнеше құнды затты ұрлап, қашып кетпек болған. Алайда сол жерден өтіп бара жатқан тәртіп сақшысы күдіктілерді байқап қалып, ойлағандары жүзеге аспаған.

"Полиция қызметкері көршісінің үйінен шығып бара жатқан күдіктілерді байқап қалып, таң атпастан жүрген "қонақтардың" кім екенін білгісі келіп, пәтердің қоңырауын басады. Алайда домофонға ешкім жауап бермеген. Сол уақытта тәртіп сақшысы жеке үйдің ашық тұрған есігінен ішке кіріп, аяқ-қолы байланған, әбден қорқып қалған балаларды көрді. Балаларды тез арада арқаннан босатып, күдіктілердің ізіне түседі.

Олар 40-45 жас шамасындағы азиат екі ер адам болған. Жәбірленушінің көршісінің көлігіне отыра салып, күдіктілердің ізіне түскен полицей бірнеше минут ішінде қарақшылар кетіп бара жатқан көлікті басып озады. Олардың жолын бөгей бастаған сәтте такси ішінен екі адам секіріп түсіп, қаша жөнелген. Полицей олардың біреуін ұстап үлгерді", - дейді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дидар Аханов.

Фото
Оқиға орнынан фото: Polisia.kz

Күдіктінің бірі бұрын-соңды осындай қылмыстары үшін сотты болғаны анықталды.

Қазіргі уақытта ол Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында отыр.

Оған және сыбайласына қатысты қылмыстық кодекстің 192 бабы, 2 бөлігі (алдын ала келісім бойынша адамдар тобымен жасаған тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

"Тәртіп сақшысы үйіне қайтып бара жатқандықтан, бұл фактіні байқамай қалуы да мүмкін еді. Дегенмен, ол өзінің қызметтік және азаматтық борышын орындай білді. Мұндай адалдық пен батылдық фактісі назардан тыс қалмайды. Біз сондай-ақ полиция атынан көршіге де алғыс айтамыз, ол полиция қызметкерімен күдіктілердің ізіне түсті. Екінші күдікті әлі қолға түскен жоқ", - дейді Дидар Аханов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1900967-balalardyn-ayaq-qolyn-bailap-tastagan-almatyda-ui-tonagandardyn-areketi-policiyany-sosytty/

pixel