"Қызыл шамдар кварталы": Шымкентте жалдамалы пәтерден әйелдің денесі табылды

Опубликовано:

Шымкент
Фото: otyrar.kz

Шымкент қаласында тәулікке берілетін жалдамалы пәтерден шамамен 35-40 жастағы әйелдің денесі табылды. Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды otyrar.kz.

Кісі өлімі жайлы 25 ақпан күні сағат 21:30 шамасында 1991 жылы туған азамат хабарлаған.

Инсайдерлік ақпарат бойынша, полицияға хабарласқан азамат пәтердегі марқұммен бірге болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтайтын тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр.

Басылымның жазуынша, Шымкенттің сегізінші ықшамауданы "Қызыл шамдар кварталы" атымен танымал. Мұндағы тұрғындардың көбі пәтерді жалға береді.

Мәселен бұл шағын ауданда пәтерді сағатына, тәулігіне әр подъезден жалға алуға болатын көрінеді.

Еске салайық, осыған дейін Алматы полицейлері тағы бір жезөкшелер үйін анықтағанын жазған едік.

Нақтырақ айтқанда, Медеу ауданында массаж салонының атын жамылып, интимдік қызмет көрсететін жезөкшелер үйі табылған болатын.

Мекемеде жұмыс істейтін қыздар массаж қызметінен басқа өз клиенттеріне қосымша жеке қызметтер көрсеткен.

Нәтижесінде жеңіл жүрісті 11 қыз, әкімшілік өкілдер мен жұмысшылар аудандық басқармаға жеткізілген.

Барлық "жеңіл жүрісті" қыздарға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Үйді жалға берген қожайын да заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатыны айтылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901000-qyzyl-samdar-kvartaly-symkentte-taulikke-beriletin-paterden-aieldin-denesi-tabyldy/