Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында Ан-2 ұшағы жерге мәжбүрлі түрде қонды

Опубликовано:

Ан-2
Фото: ИИДМ

"Азия Континенталь" әуе компаниясының Боралдай - Кеген бағыты бойынша санитарлық рейс орындаған Ан-2 ұшағы жерге мәжбүрлі түрде қонды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін 12:30-да Боралдай автожолынан шығысқа қарай 1,5 шақырымында болған.

Ұшақ бортында 5 адамның болғаны хабарланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізетін болады", - делінген министрліктің хабарламасында.

Еске сала кетсек, 2021 жылы 8 ақпанда Өскемен-Зайсан бағытында санитарлық рейсті орындаған Ан-2 ұшағын қайта қондыруға мәжбүр болған еді.

Ұшқыш әуе кемесінің қозғалтқышы істен шыққанын хабарлаған.

"Ұшақ Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 23 шақырым жердегі автомобиль жолына мәжбүрлі түрде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Ұшақ та зақымданбаған", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Бортта экипаждың 3 адамы және 2 медицина қызметкері болған.

Айта кетейік, 19 ақпанда Нұр-Сұлтаннан Шымкентке бағыт алған FlyArystan әуе компаниясының ұшағы жедел түрде Алматыға қонған болатын.

Әуе компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақ ауа райының қолайсыздығы салдарынан шұғыл түрде қонуға мәжбүр болған.

Ұшақ сәтті қонып, жолаушылардың ешқайсысы зардап шекпеген екен. Ал жолаушылар болса лайнердің Алматыға үшінші ретінде ғана қона алғанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901033-almaty-oblysynda-an-2-usagy-zerge-mazburli-turde-qondy/

pixel