Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада карантин жеңілдетілді: 1 наурыздан бастап студенттер мен оқушылар қалай оқиды

Опубликовано:

ЖОО
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін елорданың бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Құжатта мектеп оқушылары мен ЖОО студенттерінің оқу процесі қалай болатыны көрсетілген деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Ағымдағы оқу жылында меншік нысанына қарамастан білім беру объектілерінің жұмысын жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып оқушылары үшін, халықаралық мектептердің 1-7 сынып оқушылары үшін, жалпы білім беретін (9 және 11 сыныптар) және халықаралық мектептердің (10 және 12 сыныптар) бітіруші сыныптары үшін аралас оқыту режимінде (пәндердің 70%-дәстүрлі форматта, 30% - қашықтықтан) қатаң түрде ата-аналардың өтініші бойынша, әр сыныпта 15 балаға дейінгі жинақтаумен ұйымдастыруды етуді қаулы етемін", - делінген құжатта.

Білім беру объектілерінде COVID-19 жағдайлары тіркелген жағдайда қашықтықтан оқытуға көшеді немесе объекті карантинге жабылады.

"ЖОО-дар мен колледждердің жұмысын бірінші курс студенттері үшін жұмыс істеуге рұқсат берілетін  аралас оқыту режимінде (пәндердің 70%-дәстүрлі форматта, 30%-қашықтықтан) қамтамасыз ете отырып ұйымдастыруды қаулы етемін", - делінген мәтінде.

ЖОО мен колледждерге баратын студенттер немесе қызметкерлер арасында COVID-19  ауруының бір жағдайы тіркелген кезде инкубациялық кезең аяқталғанға дейін факультет, бөлімше карантинге жабылады.

Қаулы 2021 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінімен осы сілтемеге өту арқылы танысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901104-elordada-karantin-zenildetildi-1-nauryzdan-bastap-studentter-men-oqusylar-qalai-oqidy/

pixel