38 градус аяз, көктайғақ, тұман: Еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды
Опубликовано:

Еліміздің синоптиктері 27 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың мәліметінше, республиканың бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы сақталады деп хабарлайды Қазгидромет.
Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады. Ал Қызылорда қаласында тұман болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады,екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.
Қостанай қаласында күндіз бұрқасын болады деп болжануда.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болуы мүмкін.
Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады. 27 ақпанда түнде кей жерлерінде 35-38 градус қатты аяз қүтіледі.
27-28 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с-ға жетеді.
27 ақпанда Ақмола облысының батысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ға жетеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.
Ақтөбе қаласында жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с болады деп болжануда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901120-38-gradus-ayaz-koktaigaq-tuman-elimizdin-birnese-onirinde-eskertu-zariyalandy/