Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында алимент төлемеген әкені бір жылға бас бостандығынан шектеді

Опубликовано:

Алматы облысында ақша бопсалаған қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Көрнекі фото: piqsels.com

Қарағанды облысында кәмелетке томаған балаларына бірнеше жыл бойы алимент төлемей келген ер адам сотталды деп хабарлайды "Хабар 24".

Қарағанды облысының жеке сот орындаушылары Қарағанды облысы Әділет департаментінің көмегі негізінде алимент бойынша міндеттемелерін орындамаған борышкерлерге қатысты қылмыстық жауапкершілкке тарту шараларын жүзеге асыруда.

"2021 жылғы 8 ақпанда Қарағанды облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен борышкер А.Т.Асанов (фамилиясы өзгертілген) Қылмыстық кодексінің 139-бабына сәйкес кінәлі деп танылған", - деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Үкім бойынша борышкердің бір жылға бостандығы шектеліп, тағайындалған барлық мерзімге пробациалық бақылау қойылып, 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартылған.

Аталған үкім 2021 жылдың 23 ақпанынан бастап күшіне енді.

Борышкердің алимент бойынша берешек сомасы 3 250 021 теңгені құраған. Сотталған борышкер бірнеше жыл бойы кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін алимент бойынша өз міндеттерін орындамаған.

Басылымның жазуынша, 2020 жылы Қылмыстық Кодекстің 139 бабы бойынша 6 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Еске сала кетсек, Қостанай облысының тұрғыны өзінің 16 жастағы қызына 2 млн теңгеден астам ақша қарыз болып қалған еді. Қамауда отырудан қорыққан әйел алимент бойынша қарызын өтеу үшін тиісті соманы тауып берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901122-qaragandy-oblysynda-aliment-tolemegen-akeni-bir-zylga-bas-bostandygynan-sektedi/

pixel