RU

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер 27 ақпан – 1 наурыз аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Мамандардың болжамынша, Солтүстік-Батыс циклонының жақындауына байланысты республиканың басым бөлігінде ауа температурасының жоғарылуы күтіледі. Күндіз жекелеген өңірлерде оң мәнге дейін артады. Тек батыс аумақтарға циклонның ықпалы жалғасады, дейді синоптиктер.

Сонымен қатар үш күнде қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болуы мүмкін.

"Елдің тек оңтүстік және оңтүстік-шығысында күн райы – жауын-шашынсыз. Жекелеген жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі және жаяу бұрқасын болжанады", - деді ауа райын болжаушылар.

Естеріңізге сала кетейік, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев үкімет отырысында наурызда еліміздің басым бөлігі жауын-шашынды болатынын мәлім етті.

Оның сөзінше, наурыз айының синоптикалық болжамына сәйкес ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде климаттық нормадан жоғары болады.

Министр қар жамылғысының аздығына қарамастан, алдағы күндерде еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіліп отырғанын атап өтті.

Мырзағалиев өз кезегінде еріген қардың суы қосылып, тасқынға алып келуі мүмкін екенін жасырған жоқ.

"Қазгидромет наурыз айынан бастап апта сайын негізгі гидрологиялық болжамдарды ұсынады. Онымен қоса, су тасқыны қаупінің пайда болуы туралы алдын-ала 2-3 күн бұрын хабарлап отырмақ", - деді экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901133-qazaqstanda-demalys-kunderi-aua-raiy-qandai-bolady/