RU

Елімізде өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды

Тұрғындар
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстанда коронавирус дертінің таралуы бойынша ресми мәліметтерді Coronavirus2020.kz сайты telegram-каналында жария етті.

Елімізде өткен тәулікте 791 адамда коронавирус дерті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 92

Алматы қаласы - 99

Шымкент қаласы - 24

Ақмола облысы - 70

Ақтөбе облысы - 11

Алматы облысы - 69

Атырау облысы - 46

Шығыс Қазақстан облысы - 53

Жамбыл облысы - 12

Батыс Қазақстан облысы - 63

Қарағанды облысы - 53

Қостанай облысы - 63

Қызылорда облысы - 6

Маңғыстау облысы - 7

Павлодар облысы - 80

Солтүстік Қазақстан облысы - 35

Түркістан облысы - 8

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 212809.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ashyq мобильді қосымшасын еліміздің үш қаласындағы кәсіпкерлік нысандарына енгізу туралы қаулыға қол қойғанын жазған едік.

Одан бөлек, немістің Lufthansa әуе компаниясы Майндағы Франкфурттен Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласына әуе рейстерін қайта орындай бастайтынын жазған болатынбыз.

Компанияның мәліметінше, ұшақтар 1 мамырдан бастап Қазақстанның екі қаласына қатынайды.

"Коронавирус пандемиясына байланысты орын алған ұзақ үзілістан кейін Lufthansa әуе компаниясы 2021 жылғы 1 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласына тұрақты әуе рейсін қайта жандандырады", - деп хабардар етті компанияның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901203-elimizde-otken-taulikte-qansa-adam-koronavirus-zuqtyrdy/