Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады: Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Қар
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде бүгін, 28 ақпанда ауа райы қандай болатынын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды.

Солтүстік-батыс циклонға байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, осыған байланысты жауын-шашын күтіледі, солтүстік-батыста және солтүстіктің кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) мөлшері мол болады.

Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 25 м/с болады, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, тұман, көктайғақ жаяу бұрқасын күтіледі.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасынмен жел 15-23 м/с күшейеді, Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901206-zel-kuseiip-zayau-burqasyn-bolady-sinoptikter-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel