Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған үш жасар қыз қайтыс болды

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі сурет: pixabay.com

Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған үш жасар қыз бір айдан астам уақыт комада жатып, ақыры қайтыс болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Солтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері сәбидің өмірі үшін бір айдан астам уақыт күрескен.

"Бала комада жатты, ол есін жимастан қайтыс болды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 17 қаңтар күні ауруханаға ессіз күйде үш жасар қыз жеткізілген болатын. Баланы ұрып-соқты деген күдікпен оның 22 жастағы анасы ұсталды.

Қыз бала мүгедек болған, оған сегіз айында сал ауруы диагнозы қойылды.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, жас ана нәрестені дүниеге әкелгеннен кейін оны асырауға жағдайы болмағандықтан, уақытша балалар үйіне тапсырған. Ол арасында қызына келіп тұрған, ал бес айдан кейін 2017 жылдың желтоқсанында оны алып кетіпті.

Осыдан кейін бала әкесінің үйінде тұрады. 2020 жылдың 25 желтоқсанында ер адам қызды шешесіне қайтарып берген. 17 қаңтар күні сәби "бас жарақаты" диагнозымен ауруханаға түседі.

Жедел жәрдем келіп жеткенде үйде тек анасы болған. Ал өгей әкесі жұмыста болғандықтан, күдікке ілінбепті. Полицейлер әйелді қамауға алып, тергеу жұмыстарын бастап кетті.

Баланың анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол тергеу аяқталғанша уақытша ұстау изоляторында отырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901209-petropavlda-anasy-olimsi-etip-sabagan-us-zasar-qyz-qaitys-boldy/

pixel