Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі адам көз жұмды, алтауы ауруханада: Ақтау тұрғындары химиялық заттан уланып қалды

Опубликовано:

Аурухана
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтауда екі адам химиялық заттан улану салдарынан көз жұмып, 6 адам шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы облыстың қоғамдық коммуникация орталығы Facebook парақшасында хабарлады.

Құзырлы органдардың мәліметіне сүйенсек, Ақтау қаласының тұрғыны "Квикфос" препаратымен (жәндіктерге қарсы препарат) көршілерін ескертпестен өз пәтерін дезинфекциялаған.

Олар пәтерін залалсыздандырып болған соң, үйін кілттеп басқа шағынауданға кетіп қалады. Көп ұзамай көршілерінің денсаулығы нашарлай бастайды.

Салдарынан көрші әйел мен оның қызы көз жұмды. Факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, Ақтау қаласының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 304 бабы 3-бөліміне сәйкес тіркеуге алды.

Бүгінде Ақтау қаласының полиция басқармасы пәтерін дезинфекциялаған тұрғынның жеке басын анықтады. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан қаласында иіс тиіп қайтыс болған бес адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлаған едік. Тәртіп сақшыларының болжамына сәйкес, қайғылы жағдай әйел жұмыстан келген соң орын алған болуы мүмкін.

Факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбдуғани Сейдуәлиевтің айтуынша, Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша іс біріңғай тізілімге тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1901233-eki-adam-koz-zumdy-altauy-auruxanada-aqtau-turgyndary-ximiyalyq-zattan-ulanyp-qaldy/

pixel