Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жасанды тыныстандырған: Семейлік полицей көшеде инсульт алған адамды құтқарып қалды

Опубликовано:

Асқар Мыңғаев
Асқар Мыңғаев. Фото: instagram.com/eastkazpolice

Семейде полиция қызметкері көшеде инсульт алып қалған ер адамның жүрегіне массаж жасап, оны жасанды жолмен тыныстандырған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Instagram парақшасында хабарланды.

Оқиға түскен кейін көпқабатты үйлердің бірінің ауласында болған. Полицейдің іс-әрекеті туралы куәгерлердің бірі әлеуметтік желіде айтып берген.

"Менің көз алдымда адамды құтқарған полиция қызметкері Мыңғаев Асқарға үлкен алғысымды айтқым келеді. Мен көршіммен сөйлесіп тұрған едім, бір жігіт бізге жақындап, сол жерде құлады. Біз осы уақытта абыржып жедел жәрдемге қоңырау шала бастадық, маңайымызда полиция көлігі тұрған еді. Мұны көрген полиция қызметкері жүгіріп келіп оған жүрек массажын және жасанды тыныс алуды жасай бастады", - дейді куәгер.

Оның сөзінше, полицейдің арқасында бірнеше минут демсіз жатқан жігіт қайтадан демала бастапты. Жедел жәрдем де тез арада келген екен.

"Сол мезеттегі сәт осы уақытқа дейін әлі көз алдымда. Сол сәтте адам өмірі үшін арпалысқан азамат полиция қызметкері, сержант Асқар Мыңғаев екенін барлығына жеткізгім келеді. Бұл оқиға туралы менің көршілерім ғана білгенімен шектелгім келмейді, жігіттің туыстары да оның адам өмірін құтқарғанын білгенін қалаймын", - дейді семейлік тұрғын.

Еске сала кетсек, ақтүтек боранда адасқан көліктерге жол көрсетіп, екі шақырым жүгірген Амантай Байжанов осы әрекетінің арқасында елдің ықыласына бөленген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901265-zasandy-tynystandyrgan-semeilik-policei-kosede-insult-algan-adamdy-qutqaryp-qaldy/

pixel