Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы тергеу изоляторынан қашқан сотталушы Ақтөбеде қолға түсті

Опубликовано:

Давутов
Фото: ҚАЖК

Ақтөбеде ақпанның ортасында Алматыдағы тергеу изоляторынан қашып кеткен Дамир Давутов қолға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметі бойынша, Алматыдағы тергеу изоляторынан қашып кеткен сотталушы Дамир Давутов өткен жексенбі, 28 ақпанда Ақтөбеде ұсталған.

"Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері сотталған Давутовты ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын сәтті аяқтады. Осы факт бойынша Алматы қалалық полиция басқармасы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 426-бабы (қамау орындарынан немесе қамауға алынудан қашу) сотқа дейінгі тергеу жүргізуде", - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті жүргізген ішкі аудиттің нәтижелері бойынша бірқатар қызметкерлер жіберілген құқықбұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Еске салайық, Дамир Давутов 15 ақпанда тергеу изоляторынан қашып кетіп, оған іздеу салынған болатын.

Кейін қашып кеткен сотталушы туралы бірқатар ақпарат көпшіліктің назарына ұсынылған еді. Тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адамның бұрын бірнеше рет сотталғаны белгілі болды. Соңғы рет ол ұрлық пен алаяқтық үшін айыпталып, төтенше қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901273-almatydagy-tergeu-izolyatorynan-qasqan-sottalusy-aqtobede-qolga-tusti/

pixel