Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дағыстанда дзюдо чемпионаты жаппай төбелеспен аяқталды (видео)

Опубликовано:

Төбелес сәті
Видеодағы кадр: РЕН ТВ

Дағыстан Республикасы Каспийск қаласында өткен дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Солтүстік Кавказ федералды округінің чемпионаты жаппай төбелеспен аяқталды. Бұл туралы 27 ақпанда РЕН ТВ телеарнасы хабарлады.

Куәгерлердің әлеуметтік желілерде жариялаған бейнежазбаларына қарағанда, қақтығысқа ондаған адам қатысқан, оның ішінде чемпионатқа қатысушылар да болған. Шараның жүргізушісі қақтығысты тоқтатуға тырысып, микрофонмен ұрысты доғаруды талап етті.

Ддзюдодан Ресей Федерациясының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Хабиб Магомедовтың айтуынша, мұның бәрі спортшылардың рингтегі қатал жекпе-жегі кезінде бір көрерменнің абайсызда жасаған іс-қимылымен айқайынан басталған.

"Мұндағы кикілжің спортшылар арасында бастау алған жоқ. Барлығы спортшылар 10 минуттан артық уақыт күрескен кезде басталды. Дағыстандық көрермендердің бірі не айқайлап жіберді, не қолын сілтеді, не "Ура!" деп айқайлады, және осы бір әрекет осетиндік жанкүйерлерге ұнамаған. Куәгерлердің айтуынша, осыдан соң спортшылар тартылған төбелес басталды", – деді жаттықтырушы.

Егер жанжал шығарғандар арасында спортшылар немесе жаттықтырушылар болғаны анықталса, оларды жағдайдың ауыр салдары күтіп тұр, деп қосты ол.

"Мұндай жағдайда ешкім медаль алмауы мүмкін. Керісінше, спортшылардан да, бапкерлерден де айырылуымыз әбден ықтимал, себебі оларды жарыстан шеттету қарастырылған", – деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1901275-dagystanda-dzyudo-cempionaty-zappai-tobelespen-ayaqtaldy/

pixel