RU

"Үй бағасы арзандаса, сапасы нашарлайды": Дәулет Мұқаев баспана құнына қатысты пікір білдірді

Дәулет Мұқаев
Дәулет Мұқаев. Фото: instagram.com/dauletten

Экономист, журналист Дәулет Мұқаевтың айтуынша, аспандап кеткен баспана бағасы арзандамауы мүмкін деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мұқаев қазір шарықтап тұрған баспана бағасы арзандамауы мүмкін екенін айтты. Мұндай жағдайда үйдің сапасы да сын көтермейтін болады.

"Сұраныс бар жерде баға да өседі. Бұл – экономика заңдылығы. Қазір баспана бағасы шарықтап тұр. Бұл баға тұрақтауы мүмкін, бірақ арзандап кетуі екіталай. Оған тек бағдарламалардың талаптары ғана емес, доллардың өсімі, құрылыс материалдарының қымбаттауы, жұмыс күшінің айлығы әсер етеді.

Мысалы, осыдан бес жыл бұрын құрылысшы 100 мың теңге алса, қазір сол жұмысқа 150-160 мың теңге сұрайды. Бәрі бір-біріне байланысты. Үйдің бағасы арзандап кетсе, оның сапасы да құлдырап кетеді. Нарықтық экономика заңдылығына сәйкес, соған көну керек, соған сай жұмыс істеу керек, дейді ол", - дейді Дәулет Мұқаев.

Сонымен бірге журналист ақша жинаудың жолдары туралы да айтқан.

"Ақша санағанды жақсы көреді. Есеп-қисапты жақсы көреді. Бірақ басқаның емес, өз ақшамызды санауымыз керек. Қарапайым өмірде өзгенің ақшасын көп санап кетеміз. Ең бірінші кезекте дәптер алып, өз ақшамызды санап, соны көбейту жолдарын қарастырсақ жақсы болар еді. 50 мың теңге тапсаңыз да, бес мың теңге жинап үйрену керек. Той мен беталды ақша жаратуды қысқарту керек", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901279-ui-bagasy-arzandasa-sapasy-nasarlaidy-daulet-muqaev-baspana-qunyna-qatysty-pikir-bildirdi/