Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көктемнің алғашқы күні суық бола ма: Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Бәйшешек
Фото: pixabay.com

Бірінші наурызға арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды.

Солтүстік-Батыс циклонының өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі, жауын-шашын болады.

Еліміздің шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында және батысында жауын-шашынсыз ауа-райы болады деп күтілуде. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, желдің күшейюі 15-20 м/с жетеді, екпіні 23-28 м/с болады, күндіз кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, желдің күшейюі 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады деп күтіледі.

Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақтобе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болып, желдің күшейюі 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел екпіні 18-23 м/с дейін жетпек. Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901280-koktemnin-algasqy-kuni-suyq-bola-ma-sinoptikter-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel