Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында әйел 15 жыл бойы қос азаматтығын жасырып келген

Опубликовано:

Құжат1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Павлодар облысында Железинка тұрғынына қос азаматтығы үшін айыппұл салынды деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Железинка аудандық сотында Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған Ресей Федерациясының азаматы М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

"Железинка аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің аға инспекторы 2021 жылғы 28 қаңтарда Ресей Федерациясының азаматтығын 2005 жылы желтоқсанда алған азамат М.-ның Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактісін анықтады, бірақ бұл туралы заңнамада белгіленген мерзімде хабарламады", – деді аудандық соттың баспасөз қызметі.

Сот отырысында М. өзінің кінәсін толығымен мойындады. Ол 2005 жылдың желтоқсанында Ресей Федерациясының азаматтығын алғанын, бірақ заңды білмегендіктен өзінің қазақстандық төлқұжатын тапсырмағанын түсіндірді. Күйеуі мен немерелері Қазақстанда тұратындықтан, әйел елден қуып шықпауды өтінді.

Сот қаулысымен М. әкімшілік кодекстің 496-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 408 380 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңның 21-бабына сәйкес, егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса, онда Қазақстандағы азаматтығы күшіні жояды.

Басқа азаматтық алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе шетелдік мекемелерге хабарлап, сондай-ақ паспортты және (немесе) ҚР жеке куәлігін тапсыру қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901281-pavlodar-oblysynda-aiel-15-zyl-boiy-qos-azamattygyn-zasyryp-kelgen/

pixel