Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан коронавирус бойынша "сары" аймаққа кірді

Опубликовано:

Қаладағы көше көрінісі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Жаңартылған эпидемиологиялық бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус бойынша "сары" аймаққа өтті.

Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram-дағы арнасында хабарланды.

2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына, сәйкес "сары" аймақта тағы бірнеше облыс бар.

  • "Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары.
  • Еліміздегі қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан.

Еске салсақ, денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жария еткен еді. Мәліметке сүйенсек, өткен тәулікте 622 адамнан коронавирус анықталған.

Оған қоса, еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланған болатын.

Қаулыға сәйкес:

1) ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;

2) букмекерлік кеңселердің қызметіне;

3) кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне;

4) мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге;

5) балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901291-nur-sultan-koronavirus-boiynsa-sary-aimaqqa-kirdi/

pixel