Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ: Жер бетіндегі тұрғындардың 10 пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғылыми қызметкері Жер бетіндегі тұрғындардың 10 пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екенін айтты деп хабарлайды РИА Новости.

Қазіргі уақытта ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін адамзаттың белсенді түрде екпе салдыруы қажет. Өйткені әлем бойынша тек 10 пайыз адамда ғана ұжымдық иммунитет қалыптасқан. Бұл туралы ДДСҰ бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан хабарлады. Ұйым қызметкерлері зерттеу барысында осындай қорытындыға келген.

"ДДСҰ осы сероэпидемиологиялық зерттеулерді бақылайды. Соңғы санақтар бойынша олар 500 шамасында болған. Егер оларды бірге қарастырсақ, онда әлемің 10 пайыздай тұрғынында осы вирусқа қарсы антидене бар", - дейді ол.

Оның сөзінше, тұрғындардың 50-60 пайызы ауырып, антиденесі қалыптасқан қалалар да қауіп аймағында.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге биыл да коронавируспен арпалысумен өтетінін айтқан еді. Тек, келесі жылы ғана жағдайды еңсерудің мүмкіндіктері туады, деді халықаралық ұйымның өкілі.

"Ең қиын кезеңдер артта қалды. Біз 2020 жылмен салыстырғанда вирус туралы көбірек білеміз және ол кезге қарағанда таралу белсенділігі төмендеп келеді", – деді Клюге.

Сонымен бірге ұйым жаңа штамдардың пайда болғанына қарамастан, індеттің таралуы бір айдан бері бәсеңдеп келе жатқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901299-ddsu-zer-betindegi-turgyndardyn-10-paiyzynda-koronavirusqa-qarsy-antidene-bar/

pixel