Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцинацияның екінші кезеңі: Елордада мұғалімдер мен полицейлерге екпе салынады

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: NATALIA KOLESNIKOVA/AFP via Getty Images

1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда педагогтар, балабақша тәрбиешілері мен полиция қызметкерлеріне коронавирусқа қарсы вакцина салу басталады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жалпы 15 мың адамға екпе салу жоспарлануда.

"Вакцина салдыратындардың тізімі жасалып, емханаларға берілді", - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Осы санаттағы адамдарға вакцина салу үшін елордадағы 36 емхана мен ведомстволық медұйымдарда екпе егу пункттері ұйымдастырылған.

Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы вакциналау науқанына қатысты түсінік берген еді.

Оның айтуынша, 23 ақпаннан Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген 93 мың доза мөлшеріндегі вакцинаның екінші партиясын жеткізу басталды. Осы вакцинамен медицина қызметкерлерін егу аяқталған соң, педагогтарды вакцинациялауды бастау жоспарланып отыр.

"Вакцинациялау барлық өңірлерде жүргізіліп жатыр. 786 егу пункті ашылды, олардың 170-і қазіргі уақытта егу жұмыстарын жүргізіп отыр. Барлығы салқындату тізбегін қамтамасыз ету үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. 9 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды", - деді вице-министр.

Сонымен бірге, Қиясов Қазақстан өңірлерінен коронавирусқа қарсы вакцина дозасын ұлғайту туралы өтінімдер көптеп түсіп жатқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901306-vakcinaciyanyn-ekinsi-kezeni-elordada-mugalimder-men-policeilerge-ekpe-salynady/

pixel