Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президенттің сынынан кейін әкім контейнерде тұру туралы шешім қабылдады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Наманган облысына барып, халықтың тұрмыс жағдайымен танысты. Ол жұмыс сапары кезінде өңір басшысы мен қала прокурорына шүйліккен деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, Шавкат Мирзиеев "Бунёдкор" махалласын аралап, жергілікті тұрғындардың шағымын тыңдаған.

Олардың ауыз судың, газдың жоқтығын, жолдардың нашар екенін айтып, басқа да проблемаларды тізіп шықұаны белгілі болды.

Осыдан кейін Өзбекстан басшысы махаллалық атқамінерлердің жұмысын сынға алып, төраға мен оның кеңесшісіне, сондай-ақ Наманган әкіміне және қала прокурорына шүйлікті.

Осылайша, жергілікті билік қорытынды шығарды.

Наманган облысының әкімі Шавкатжон Әбдіразақов махалланың тұрғындарымен кездесіп, күтпеген жерден "Бунёдкорға" көшіп келетінін мәлімдеді.  

"Күн сайын осындамын, енді сіздермен көрші боламын. Менің үйім махалла комитетіне қарама-қарсы орналасады. Бүгін мұнда контейнер орнатылып, оған "Облыс әкімінің үйі" деп жазылады", - деді Әбдіразақов тұрғындарға.

Ол қолға алынған басқа да шараларды атап өтті: мысалы, махаллада электр желісі мен су құбырын тарту, сондай-ақ ауданды жалпы абаттандыру жұмыстары жоспарланған.

Сонымен қатар, махалла комитетінің ғимаратын жөндеу жоспарда бар.

Жергілікті тұрғындар шағымданған қоқыс полигонына ерекше назар аударылды: ол жабылады. Оның орнына билік 3 гектар аумақта "шағын өндірістік аймақ" құрады.  

Кәсіпорын бар жерде жұмыс бар. Жалпы саны 12 мың адам тұратын махалладағы мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901334-prezidenttin-synynan-keiin-akim-konteinerde-turu-turaly-sesim-qabyldady/

pixel