Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте кезекті той тоқтатылды (видео)

Опубликовано:

Мейрамхана
Көрнекі фото: piqsels.com

Шымкентте тойханада той ұйымдастырғандар анықталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Абай ауданы полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында мобильді топ құрамында мониторинг жұмыстарын жалғастыруда.

Аудан аумағында жүргізілген сондай бір рейдтік іс-шараның барысында Қазығұрт мөлтек ауданында орналасқан "Бақыт Сарай" тойханасында қала тұрғындарының салтанатты жиын өткізіп жатқаны анықталған.

Нәтижесінде той тоқтатылып, карантин талаптарын бұзған азамат пен нысан иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес, тиісті шара қолдану үшін жинақталған іс-құжаттар Абай ауданы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданған.

Айта кетейік, бұл Шымкентте карантиндік шектеулерге қарамастан өткен алғашқы той емес.

Бұған дейін әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері мен арнайы мобильдік топ өкілдері Жастық көшесі бойында орналасқан мейрамханадағы тойды тоқтатқан еді.

Сонымен қатар Түркістан облысының полицейлері қыз ұзату тойын тоқтатып, меймандарды үйіне қайтарған болатын.

Тойға шамамен 100 адам жиналған.

Еске сала кетейік, бүгіннен бастап елімізде карантин шаралары жеңілдетілді. Дегенмен елде той өткізуге әлі де рұқсат жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901340-symkentte-kezekti-toi-toqtatyldy-video/

pixel