Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дыбысталуына қатты таңғалдым": Америкалық дипломат қазақ тілін қалай меңгеріп жүргенін айтты

Опубликовано:

Эмбер Ора
Эмбер Ора. Фото: instagram.com/usinkz

Нұр-Сұлтандағы АҚШ елшілігінде жұмыс істейтін Эмбер Ора қазақ тілін қалай меңгеріп жүргенін айтты. Сөзінше, ол қазақ тілін үйренуді Америкада жүргенде-ақ бастап кеткен деп жазады Қазақстандағы АҚШ Миссиясының Instagram парақшасы.

Эмбер мәдениет және білім мәселесі бойынша атташе. Ол ең мықты қызметтердің бірін атқарып жүргенін айтады.

Өйткені оның командасы қазақстандықтар үшін тиімді бағдарламалар мен мүмкіндіктер ұсынады.

Эмбер түркі тілдерінің ритмі мен дыбысталуына қатты таңғалғанын жасырмайды.

"Мен қазіргі жұмысыма дайындалып жүрген кезде қазақ тілін оқыдым. Мемлекеттік департамент пен АҚШ үкіметі шет тілдерін білуді жоғары бағалайды және америкалық дипломаттарды олар тағайындалған елдерде сөйлейтін тілдерге үйретеді.

Қазақ тілі де, орыс тілі де қиын тіл болып саналады, сондықтан тіл курсының ұзақтығы - 44 апта. 44 апта өткен соң да оқуды жалғастырудамын", - дейді Эмбер Ора.

Қазақстанда алты айдан бері тұрып жатқан дипломат қазақ тілін көбінесе жұмыс барысында қолданады. Эмберді Қазақстандағы көптілділік те қатты таңқалдырған.

Айтуынша, қазақ, ағылшын және орыс тілдерін білетін адамдар қатысатын кездесулерге үнемі барады.

"Дүкендерге немесе қоғамдық орындарға барған кезде адамдар көбінесе менімен орысша сөйлеседі. Бірақ мен әлдекімнің қазақша сөйлегенін естісем, оларға қазақша сөйлеймін. Мен Ресейде бірнеше жыл тұрғандықтан, кейбір орысша фразалар қазақшаға қарағанда бірден есіме түседі. Бірақ "өте жақсы", "қызық" және "тәп-тәтті балалар" секілді сөздерді жиі қолданамын", - дейді Эмбер.

Оның сөзінше, тілді жетік меңгеру үшін әрбір адам өз оқу стилін табуы керек. Өйткені әркім ақпаратты өзінше қабылдайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901351-dybystaluyna-qatty-tangaldym-amerikalyq-diplomat-qazaq-tilin-qalai-mengerip-zurgenin-aitty/

pixel