Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайтыны рас па

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Карантиндік шектеулер жағдайында ата-аналар мен оқушылардың ыңғайы үшін оқушылар мектепке өздеріне ыңғайлы киіммен келе алады. Еліміздегі мектептердің әлеуметтік желілерінде оқушылардың офлайн оқуға оралуына байланысты осындай хабарландырулар жариялана бастады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Құрметті ата-аналар! Мектеп формасына қатысты шешімді өздеріңіз қабылдайсыздар. Балалар мектепке мектеп формасымен немесе классикалық стильге жақын өзіне ыңғайлы әрі ұқыпты киіммен келе алады", - делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.

Хабарламада "оқу жылы басталғанға дейін Білім және ғылым министрлігі биылғы оқу жылында мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналарға қабылдауға мүмкіндік беретін бұйрыққа қол қойғаны" сөз етілген.

"Бұл карантиндік шектеулер жағдайында ата-аналар мен оқушылардың ыңғайы үшін қабылданған шешім", - деп жазған хабарламаны таратушылар.

Мектептердің әлеуметтік желілерінде тарап жатқан бұл ақпаратты әзірге құзырлы мекеме растаған да, жоққа шығарған да жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін бірінші наурыздан бастап студенттер мен оқушылар қалай оқитыны туралы ақпаратты назарға ұсынған едік.

Одан бөлек, еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияла болғанын жазған болатынбыз. Қаулыда оқу мәселесіне қатысты бірқатар шарттар қойылғаны белгілі болып отыр.

Нақтырақ айтсақ, қаулыда 2021 оқу жылының үшінші тоқсанында неге рұқсат етіліп, қандай жайттарға тыйым салынғаны тізбектелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901352-endi-mektep-formasyna-qatysty-sesimdi-ata-analardyn-ozderi-qabyldaityny-ras-pa/

pixel