Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болашақ медқызметкерлердің шәкіртақысы қаншаға артады: Министрлік жауабы

Опубликовано:

Студент
Көрнекі фото: pixabay.com

Медицина мамандығын оқып жатқан студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға артады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Медицина қызметкерлерінің біліктілігін халықаралық стандарттарға сәйкес деңгейге жеткізу үшін келесі іс-шаралар жоспарланған: білім беру қызметтерінің құнын қалыптастырудың жаңа әдістемесін енгізу, мемлекеттік білім беру гранттарын 40 пайызға ұлғайту, медициналық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамының біліктілігін арттыру, медицина ЖОО-лары студенттерінің шәкіртақысын 25 пайызға көтеру", - деді Алексей Цой Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Одан бөлек, министр PhD докторларын дайындаудың жаңа бағдарламасын әзірлеп, енгізу, мейірбике қызметкерлерін мамандандыру қолға алынатындығын алға тартты.

"Отандық ғылымды дамыту үшін Open Access биомедициналық зерттеулер тізімін іске қосуды және "бірыңғай терезе" арқылы клиникалық зерттеулер жөніндегі үйлестіру орталығын құруды жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде дәрігерлердің жалақысын қашан жарты миллионға дейін көтеретіні белгілі болғанын жазған едік.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру міндетін қойғанын еске салып, жалақыны қалай және қашан көтеретіндерін айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901359-bolasaq-medqyzmetkerlerdin-sakirtaqysy-qansaga-artady-ministrlik-zauaby/

pixel