RU

Алматы бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны бойынша көш бастады

Зертхана
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 658 адам тіркелген. Олардың дені Алматы қаласынан деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 65

Алматы қаласы - 102

Шымкент қаласы - 17

Ақмола облысы - 78

Ақтөбе облысы - 5

Алматы облысы - 48

Атырау облысы - 24

Шығыс Қазақстан облысы - 55

Жамбыл облысы - 5

Батыс Қазақстан облысы - 46

Қарағанды облысы - 27

Қостанай облысы - 62

Қызылорда облысы - 6

Маңғыстау облысы - 1

Павлодар облысы - 77

Солтүстік Қазақстан облысы - 37

Түркістан облысы - 3.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 214 089-ға жетіп отыр.

Айта кетейік, 1 наурыздан бастап елімізде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның екінші кезеңі басталады.

Көктемнің алғашқы айында мектеп мұғалімдеріне, ЖОО педагогтарына, сондай-ақ ведомстволық медицина қызметінің қызметкерлеріне, жалпы алғанда 150 мыңдай адамға екпе салу жоспарлануда.

Мәселен Нұр-Сұлтанда вакцина салдыратындардың тізімі жасалып, емханаларға берілген.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ол үшін 36 емхана мен ведомстволық медициналық ұйымдарда екпе егу пункттері ұйымдастырылған.

Денсаулық сақтау вице-министрі, еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовтың айтуынша, бүгінде коронавирусқа қарсы вакцина егу барлық өңірлерде жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901460-almaty-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-boiynsa-kos-bastady/