RU

Шымкентте автобөлшектер сататын базардың қоймасы өртенді (фото)

Өрт сөндіру сәті
Фото: Шымкент қалалық ТЖД

1 наурыз күні түнгі уақытта Шымкент қаласында автобөлшектер базарынан өрт шықты. Аумағы 600 шаршы метрді құрайтын қойманың 200 шаршы метріндегі автобөлшектер мен аксессуарлар жанып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Базар қоймасының өртке оранғаны туралы хабарлама Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 101 пультіне сағат 22.52-де түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды бір сағаттың ішінде ауыздықтап, бір жарым сағат өткенде қызыл жалын толықтай сөндірілген.

Өрт сөндіру сәті
Фото: Шымкент қалалық ТЖД

Абырой болғанда, өрттен жарақат алғандар мен қайтыс болғандар жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Оқиға орнында қалалық ТЖД-нің 35 қызметкері мен 5 техника және апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмыс істеген.

Өрт сөндіру сәті
Фото: Шымкент қалалық ТЖД

Өрт сөндіру сәті
Фото: Шымкент қалалық ТЖД

Өрт сөндіру сәті
Фото: Шымкент қалалық

Еске сала кетсек, Павлодар облысы Ақсу қаласында тұрғын үйден шыққан өртті сөндіру кезінде 23 жастағы ТЖД қызметкері қайтыс болған еді. Тағы бір өрт сөндіруші ауруханаға жеткізілген болатын.

Қайғылы жайт 25 ақпанда болған. Көз жұмған Арыстанбек Машрап азаматтық қорғау органдарында 2018 жылдан бастап қызмет еткен.

Сонымен қатар ол отбасындағы жалғыз ұл болған. Оның артында аяғы ауыр әйелі қалды.

Осы орайда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ернұр Өтегенов халықтан марқұмның отбасы жайлы, жалпы барлық өрт сөндірушілерге қатысты жағымсыз пікір білдірмеуін сұрап, үндеу жасады.

"Біз әркез айтамыз, таңертең балалары мен әйелін сүйіп, үйден шыққан әрбір өрт сөндірушінің тілегі – аман оралу", – дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901462-symkentte-avtobolsekter-satatyn-bazardyn-qoimasy-ortendi-foto/