Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2020 жылы қандай құпиясөздер ең танымал болды

Опубликовано:

Планшет
Көрнекі фото: piqsels.com

DLBI деректердің таралуын барлау қызметі 2020 жылы ең танымал парольдердің тізімін жариялады деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Қазіргі уақытта 123 456 құпиясөзі әлі де ең танымал пароль ретінде қалып отыр.

Сонымен қатар 123456789 және 000000 құпиясөзі рейтингте көш бастап тұр.

Сондай-ақ тізімде asdasd және asdfghjkl құпиясөзі пайда болған, ал кирилл әліпбиінде – жаңадан "Марина" құпиясөзі қосылған.

Ал qwerty тіркесіміне негізделген парольдер өткен жылдың бірінші жартысынан бастап тізімнен жоғалып кеткен. Бірақ бұл комбинациялар тек әріптерден тұратын парольдер арасында көш бастап тұр.

DLBI деректердің таралуын барлау қызметі ақпаратына сәйкес, жалпыға ортақ ағылшын құпиясөздері – password, iloveyou, dragon және monkey.

Кирилл кодтарының ішінде көбінесе "йцукен" (былтыр екінші орында болған), "пароль" (2019 жылдың көшбасшысы), "я", "любовь" және "привет" құпиясөздері қолданылады екен.

Үздік ондыққа "Наташа", "Максим", "люблю", "Андрей" және "Марина" құпиясөздері кірген.

Сонымен бірге өткен жылы коронавирусқа қатысты парольдер пайда болған. Мысалы, covid19, "корона", epidemic, COVID19_Access, pandemic, coronavirus.

Айта кетейік, 123456 құпиясөзі ең танымал құпиясөз болып қалып отырғанымен, оны бұзу оңай екені белгілі болды. Мұндай кодты бұзуға бір секундтан аз уақыт кетеді.

Сондай-ақ 123456789, picture1, password және 12345678 құпиясөздерін де оңай бұзуға болатын көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901495-2020-zyly-qandai-qupiyasozder-en-tanymal-boldy/

pixel