Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК Түркияда ұсталған қазақстандықтың аты-жөнін жариялады

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жақында Түркияда ұсталған қазақстандықтың есімін жария етті деп хабарлайды zakon.kz.

19 ақпан күні Түркияда Қазақстан азаматының ұсталғаны белгілі болған еді. Ұсталған ер адам – іздеуде болған ДАИШ (Қазақстанда және өзге де мемлекеттерде тыйым салынған террористік ұйым) мүшесі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, ұсталған азаматтың есімі - Аманбек Самат Аманбекұлы. Атырау облысының тұрғыны. Ол 2015 жылдан бері іздеуде болған.

Бүгінде күдікті Түркияда қамауда отыр. Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырлып жатыр.

Айта кетейік, Түркияның қауіпсіздік күштері Қазақстан азаматын Сирия шекарасына жақын маңдағы Килис аймағында тұтқындаған болатын. Ол Сирия-Түркия шекарасынан өтпек болған кезде ұсталған.

"Қазіргі кезде террористік әрекеттерге қатысы бар әрі шетелде жасырынған Қазақстанның 40 азаматына халықаралық іздеу жарияланған", - дейді ҰҚК.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мысыр астанасы Каирде мешітке барар жолда қазақстандық азаматы ұсталғанын жазған болатынбыз. Каирде ол теологиялық білім беру орнында оқыған.

Қазақстан азаматының Мысырда заңсыз жүргені анықталған.

Студент көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Мысырдан депортацияланған. Елге оралған азаматқа "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетінде білім алу ұсынылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901512-uqk-turkiyada-ustalgan-qazaqstandyqtyn-aty-zonin-zariyalady/

pixel