Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза болды (видео)

Опубликовано:

Автобус
Фото: instagram.com/dorogi_karaganda

Қарағандыда жеңіл автокөлік пен жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты Сортировкаға барар жолда болған. Жол-көлік оқиғасына №118 жолаушылар автобусы ұшыраған. Қоғамдық көлік салонында 45 адам отырған.

Облыстың полиция департаментінің ақпарынша, автокөлік автобусқа соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі түрлі жарақат алған, ал оның 23 жастағы жолаушысы көз жұмған.

Зардап шегуші ауруханаға жеткізілген. Көлік қирап қалған, қайта қалыпқа келмейді. Оқиға орнында түсірілген фото, видеолар әлеуметтік желіде тарады.

"Жол апаты таңертең сағат 9.25-те Сортировка мен Майқұдық тас жолының арасында болған. Жеңіл автокөлік рөлінде 21 жастағы көлік жүргізушісі отырған. Ол рөлді басқара алмай қалған сыңайлы, осылайша "ВАЗ- 2114" қарсы жолаққа шығып кеткен. Сөйтіп қоғамдық көлікпен соқтығысқан", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, Алматыда жер астына түсіп кеткен КамАЗ маркалы жүк көлігі Медеу ауданындағы жылу желілері өтетін жолды зақымдап, салдарынан жүздеген үй жылусыз қалған еді.

Құм-қиыршықтас қоспасы тиелген жалпы салмағы 27 тонна КамАЗ пәтерлердің жылу камерасы орналасқан аумаққа кірген.

Жол жабындысы ауыр жүк көлігіне шыдас бермей, салдарынан автокөлік жер астына түсіп кеткен. Анықталғандай, төсеме мұндай ауыр салмаққа есептелмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1901515-qaragandyda-45-zolausysy-bar-avtobus-zol-apatyna-tusip-bir-adam-qaza-boldy-video/

pixel