Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адами қасиеттердің төмендеуі": Цой талғарлық дәрігерді ұрып-соққандар жайлы айтты

Опубликовано:

Алексей Цой
Фото: primeminister.kz

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өз Facebook парақшасында Талғардағы ауруханада дәрігерді ұрып-соғу оқиғасына қатысты пікір білдірді. Денсаулық сақтау министрі бұл жағдайды жіті қадағалау қажет деп есептейді.

"Жанжалды мәселелерді өркениетті қоғамда күш қолдану арқылы шешуге болмайды, ал медицина қызметкерін ұрып-соғу - бұл қоғамдағы жеке адамдардың моральдық құндылықтары мен адами қасиеттерінің төмендегенін білдіреді", - деді министр

Осылайша, министр Талғардағы оқиғаға қатысты пікірін айтты. Онда ауруханаға жатқызылған пациенттің туыстары шу шығарып, кезекші дәрігерді ұрып-соққан. Қазір істі полиция қолға алды, зардап шеккен медицина қызметкері көмек алып жатыр. Денсаулық сақтау министрі бұл жайт министрлікті есеңгіретіп тастағанын мәлімдеді.

"Медицина қызметкерлері, әлеуметтік жұмысшылар мемлекетіміздің негізін құрайды және тікелей ел әлеуеті үшін қызмет етеді. Олар қоғам алдында сый-құрметке ие. Қиын шешімдер қабылдау мен адам өмірі мен денсаулығына жауапкершілік алу қажеттілігіне байланысты туындаған стресстер, физикалық және эмоционалдық қиындықтарға қарамастан, олар еш қиналмастан кезекшілікке түседі. Ал жауап ретінде оларды негізсіз сынап, балағаттайды",- деді Цой.

Министр өз ведомствосы барлық қызметкердің, оның ішінде зардап шеккен дәрігердің құқығын қорғайтынын айтты.

"Ол үшін денсаулық сақтау министрлігінде біздің барлық дәрігерлеріміздің мәртебесін арттыруға, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған НҚА жобасы әзірленді.

Қазақстан-прогресс пен жалпыға ортақ өркендеу жолында тұрған жаһандық әлемнің бір бөлігі. Бұл үшін мемлекеттің күш-жігері жеткіліксіз, қоғамның әр мүшесі түсіну қажет. Біздің рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтарымыз бүгінде тексеруден өтіп жатыр. Біз бұл тексерістен өтеміз бе, жоқ па, өзімізге байланысты. Мен елдегі мұндай жаға ұстатарлық жағдайлар елдің сөгісіне ұшырайды деп сенемін",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1901583-moraldyq-qundylyqtardyn-tomendeui-coi-talgarda-darigerdi-uryp-soqqandar-zaily-aitty/

pixel