Жоғарғы оқу орындарында дене шынықтыру пәні алынып тасталғаны рас па
Опубликовано:

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова жоғары оқу орындарында дене шынықтыру пәні алып тасталады деген қауесетке қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Заң бойынша дене шынықтыру пәні мектептерде үш сағаттан, ал жоғары оқу орындары мен колледждерде төрт сағаттан оқыту қарастырылған. Сондықтан бүгінде дене шынықтыру пәнін алып тастау мәселесі көтеріліп жатқан жоқ", - деді Қаринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Осы орайда вице-министр жоғары орындарына академиялық дербестік берілгенін ерекше атап өтті. Олар өздігімен шешім қабылдай алады.
"Жоғары орындарына академиялық дербестік берілген. Оны бәрі біледі. Оған сәйкес, әрбір жоғары оқу орны белгілі бір пәнге байланысты тиісті шешімді өздері дербес қабылдай алады", - деп атап көрсетті Қаринова.
Еске сала кетсек, Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында 1 наурыздан бастап Қазақстанда оқушылардың қалай оқитынын айтып берген еді.
2021 жылғы 1 наурыздан бастап еліміздің бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысына сәйкес, жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып және халықаралық мектептердің 1-7 сынып оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілген.
Каринова оқушыларға міндетті мектеп формасын кию міндеттелмейтінін айтты. Оларға еркін киінуге рұқсат. Тек ұқыпты және жинақы киінсе болғаны.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901589-zogargy-oqu-oryndarynda-dene-synyqtyru-pani-alynyp-tastalgany-ras-pa/