Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 400 миллиард теңгенің ірі курорты салынбақ

Опубликовано:

Шаңғы
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында құны 400 миллиард теңге болатын ірі тау шаңғысы курортын салу жобасы жүзеге асырылмақ. Өңірдің туризм басқармасында атап өткендей, нысан Еңбекшіқазақ ауданында Түрген ауылының маңында салынады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құны 400 млрд теңге болатын жоба "Түрген"деп аталады. Оны іске асыру өңірде туристік саланы дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылмақ.

Алматы облысының туризм басқармасынының мәліметінше, қазіргі уақытта инвесторлар іздестірілуде, өйткені құрылыс көп қаражатты қажет етеді.

Болашақта онда 5 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Курорт бір уақытта 33 мыңнан астам туристерді қабылдауы мүмкін.

Ведомство зерттеу жұмыстары жүргізілгенін атар өтті.

"Нысанның инженерлік инфрақұрылымы бойынша алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Бұл электр, газ тарту, жолдарды салу және жөндеу", - деп түсіндірді облыстың туризм басқармасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901590-almaty-oblysynda-400-milliard-tengenin-iri-kurorty-salynbaq/

pixel