Қазақстанда телерадиохабар тарату сигналы уақытша өшіріледі
Опубликовано:

Қазақстанда телерадиохабар тарату сигналы уақытша өшіріледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазтелерадио" сайтына сілтеме жасап.
2021 жылдың 10 наурыз айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.
"Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. call-center: 193, +7(727) 2 581 500, 7193, e-mail: abonent@otautv.kz",- делінген хабарламада.
Айта кетейік, қалың көпшіліктің көңілінен шығып, үлкен сұранысқа ие болған "Зың-зың Күлпәш" телехикаясы қайта жалғасын таппақ. Көктемнің алғашқы күнінен бастап телекөрермен Күлпәштің езу тартқызар қызықты хикаяларын 7-арнадан көре алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901604-qazaqstanda-teleradioxabar-taratu-signaly-uaqytsa-osiriledi/