Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Грузиямен әуе байланысын қайта жандандырмақ

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

16 наурыздан бастап Air Astana әуе компаниясы Алматы – Тбилиси – Алматы бағыты бойынша қайтадан ұша бастайды. Енді аптасына 3 рейс орындалатын болады деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің Telegram арнасы.

Ведомствоның мәліметінше, екі ел арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру туралы шешім 2021 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енген Грузияның мемлекеттік шекарасынан Қазақстан азаматтарының өтуіне қойылған шектеулерді алып тастағаннан кейін қабылданды.

"Рейстер А320/321 әуе кемесімен аптаның сейсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады", - дейді комитет.

Сонымен бірге, рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалатыны хабарланды.

Еске сала кетсек, немістің Lufthansa әуе компаниясы Майндағы Франкфурттен Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласына әуе рейстерін қайта орындай бастайтынын хабарлаған еді.

Компанияның мәліметінше, ұшақтар 1 мамырдан бастап Қазақстанның екі қаласына қатынайды.

"Коронавирус пандемиясына байланысты орын алған ұзақ үзілістан кейін Lufthansa әуе компаниясы 2021 жылғы 1 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласына тұрақты әуе рейсін қайта жандандырады", - деп хабардар етті компанияның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, 5 ақпаннан бастап Air Astana әуе компаниясы Мәскеуге жасалатын рейстер санын арттырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901624-qazaqstan-gruziyamen-aue-bailanysyn-qaita-zandandyrmaq/

pixel