Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жол талғамайтын көліктер соқтығысты: Қостанай облысындағы тас жолда 7 адам қаза болды

Опубликовано:

Жол апаты
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/qostanay_news

Қостанай - Әулиекөл тас жолында екі жол талғамайтын көлік бүйір тұсынан соқтығысып, салдарынан жеті адам қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомсвтоның хабарлауынша, екі көлік Әулиекөл ауданындағы Новонежинка және Лаврентьевка ауылдарының ортасында соқтығысқан.

Полиция берген алдын ала деректер бойынша, Lexus маркалы көлігінде үш адам, ал Mitsubishi Pajero көлігінде төрт адам отырған. Жеті адамның бәрі оқиға орнында қаза тапқан.

Сонымен бірге, Lexus көлігінің Қостанайдан Нұр-Сұлтанға бара жатқаны, ал Pajero көлігінің облыс орталығына қарай жүргені анықталған.

"Жол апаты орнында облыстық прокуратура және полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлайды өңірлік полиция департаменті.

Оқиға орнында түсірілген жантүршігерлік кадрлар желіде пайда болды.

Еске сала кетсек, Қарағандыда жеңіл автокөлік пен жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам қаза тапқан еді. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілген.

Жол апаты Сортировкаға барар жолда болған. Жол-көлік оқиғасына №118 жолаушылар автобусы ұшыраған. Қоғамдық көлік салонында 45 адам отырған.

Облыстың полиция департаментінің ақпарынша, автокөлік автобусқа соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі түрлі жарақат алған, ал оның 23 жастағы жолаушысы көз жұмған.

Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1901630-zol-talgamaityn-kolikter-soqtygysty-qostanai-oblysyndagy-tas-zolda-7-adam-qaza-boldy/

pixel